Түркістанда мұқтаж балаларға компьютер берілді

23 Қыркүйек 2020, 20:42
1152
Бөлісу:
Түркістанда мұқтаж балаларға компьютер берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балалардың сапалы білім алуына қолдау көрсеткен «Katco» қазақ-француз біріккен кәсіпорны оқушыларға 100 компьютер сыйлады. 

Созақ ауданында уран өндірумен айналысатын мекеменің сыйы мектептерге таратылып, арнайы құрылған комиссияның ұйғарымымен аса мұқтаж отбасыларға уақытша пайдалануға беріледі. Заманауи техника көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларының сапалы білім алуларына үлкен көмек болмақ.

Қазіргі таңда Созақ ауданында 23 мектептің оқушылары қашықтан білім алуда. Ал 12 білім ұясында оқу үдерісі сақтық шараларын қатаң сақтана отырып штаттық режимде жүріп жатыр. Әр сыныпта балалар саны 15-тен аспауы тиіс.

Өзгелердің жаңалығы