Түркістанда Халықаралық спорт және туризм университеті ашылады – министр

5 Маусым 2020, 17:07
3239
Бөлісу:
Түркістанда Халықаралық спорт және туризм университеті ашылады – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық Азияның ең көне қалаларының бірі – Түркістанда туристік саланың кадрлық әлеуетін арттыру үшін Халықаралық туризм және спорт университеті ашылады. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халық алдында берген есебінде мәлімдеді. 

Елде туризмді дамыту бойынша іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Қазақстанның туристификация картасы жасақталды. Оған енген ТОП-10 туристік орын, Бурабай, Баянауыл, Алакөл, Балқаш және Каспий теңізінің жағалауы абаттандырылып жатыр. Басты назар инфрақұрылымның дамуы мен жолдардың құрылысына, жол маңындағы қызмет көрсету,қонаұ үй мен оның ауласын абаттандыруға аударылады, - деді министр.  

Министр атағандай, туристік аймақтарды қажетті инженерлік коммуникациямен қамту және көліктік инфрақұрылыммен жасақтау бойынша бірқатар жұмыс істеліп жатыр.
Үкіметтің қолдауымен облыстық әкімдіктермен бірлесе отырып "Нұрлы жер", "Жұмыспен қамтудың жол картасы" және "Еңбек" бағдарламалары аясындағы 44 жобаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді. Өткен жылдары жеке туристік аймақтар осындай көлемде басымдық беріліп қаржыландырылмаған, - деді ол. 

Райымқұлова министрлік халықаралық туристерді тартуды жалғастырып жатқанын айтты 
Шетелдік туристерді тарту үшін "Tax free" ҚҚС қайтару жүйесі, "Е-Конак" жасақталып, визасыз режим елдерінің тізімі 73-ке дейін кеңейтіліп, шетелдіктерді тіркеу 30 күнге дейін шегерілді, - деді ол. 

Сонымен қатар министр жаңа университет ашылатынын айтты. 
Орталық Азияның ең көне қалаларының бірі – Түркістанда туристік саланың кадрлық әлеуетін арттыру үшін Халықаралық туризм және спорт университеті ашылады. Ол өз саласы бойынша Орталық Азиядағы алдыңғы қатарлы университеттердің бірі болмақ. Жоғары оқу орны туризм саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлайды, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы