Түркістанда ДАИШ ұйымына шақырған ер адам ұсталды

22 Қараша 2019, 11:52
2437
Бөлісу:
Түркістанда ДАИШ ұйымына шақырған ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанда ДАИШ лаңкестік ұйымына мүше болуға шақырып жүрген тұрғын ұсталды, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, арнайы жасақ 39 жастағы ер адамды көшеде велосипедпен кетіп бара жатқан жерінен ұстады. Күдіктінің есімі - Темір Стамбеков. Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің назарына жазда іліккен. Мешітке барған ол имамдарға ілімдерінің "жаңсақ" екенін айтып салғыласып, халық арасында бірнеше мәрте бүлік салған. Өзі әйелі мен кәмелетке толмаған төрт баласын ұрып-соғып, "салафизмді" үйреткен дейді.

Сондай-ақ, оның үйді сатуға қойып, Сирияға жиһадқа аттанбақ болып жүргені анықталды. Енді күдікті лаңкестікті насихаттау бабымен 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Ал әбден шошынып қалған отбасымен психологтар мен теологтар жұмыс істеп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы