Түркістанда ауылдарды жаңбырдың суы басып жатыр

14 Мамыр 2020, 01:22
1775
Бөлісу:
Түркістанда ауылдарды жаңбырдың суы басып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбекші ауданының Елтай елді мекенінде қатты жауын-шашын салдарынан өзен суы тасыды. Салдарынан 60 тұрғын үйдің ауласын су басып және 3 шаруашылық нысан қирады. Бұл туралы ТЖК хабарлады.

13 мамыр сағат 19:14 жағдай бойынша Еңбекші ауданының Елтай елді мекенінде қатты жауын-шашын салдарынан өзен су тасыған (су Түркістан облысы, Төлеби ауданынан келуде). Қазіргі таңда тасқын су 60 тұрғын үй дің ауласын басып және 3 шаруашылық нысанды қиратқан.

Бұған дейін сағат 16:30 шамасында қатты жауған нөсерлі жауын-шашын салдарынан Түркістан облысында Төлеби ауданы Қасқасу ауылдық округіндегі Қасқасу өзені суының деңгейі көтеріліп, арнасынан тасыды.

Оқиға орнына ТЖД 82 қызметкер, 8 дана техника, 11 мотапомпа, ЖАО 25 қызметкер, 4 дана техника күштері жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы