Бас жаңалықтар
Түркістанда 100 мың тал отырғызылады
01 Сәуiр 2019, 13:30 590

Түркістанда 100 мың тал отырғызылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласын көгалдандыру мақсатында жыл сайын түрлі ағаш көшеттері егіледі.

Өткен  2018  жылдың  күз  айында  қаланың  негізгі  көшелері мен Шәуілдір тасжолының бойына  46 000 түп  ағаш  көшеттері  отырғызылып, қаланы суландыру бағытында 6  жерден  терең  ұңғымалы  скважина  қазылған болатын.

Бұл жұмыстар жалғасын тауып биылғы жылы қаланың барлық аумағын қамтып, 100 мың түп ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланып отыр. Бұл көшеттердің денін шөлмен суға төзімді жиде, қара ағаш, емен тайланд және жеміс ағаштарының түрлері құрайды. Жоспарланған ағаш көшеттері тазалық мекемесінің жұмысшылары мен сенбіліктерге атсалысқан қаладағы барлық ұжымдар, үкіметтік ұйымдар мен қала жастарының күшімен егілді.

Сонымен қатар, Түркістанның кіреберіс төрт қапталынан жаппай «Павловния» ағашын (10 мың түп) отырғызу қолға алынды.  Осылайша Түркістанды жасыл желекпен көмкеру қызу жүруде.

 

Загрузка...