Түркістанда 10 гүлзар салынады

8 Сәуір 2019, 20:20
2869
Бөлісу:
Түркістанда 10 гүлзар салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Негізгі көшелер бойынан жалпы аумағы 172,2 гектарды құрайтын қолайлы орындар анықталды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан қаласының аумағында 10 гүлзар салу туралы Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің  тапсырмасына сәйкес халық көп шоғырланған орталық көшелер бойынан қоғамдық көгалдарды (скверлер мен аллеялар) көбейту бойынша бірнеше демалыс алаңшаларын салу жоспарланып отыр.

Түркістанда 10 гүлзар салынады

Осы арқылы қаланың орталығында қала қонақтары мен тұрғындарына арналған демалыс орындарын көбейту, қаланы сумен қамтамасыз ету, және көгалдандыру мақсаты көзделген.

Осыған сәйкес,  негізгі көшелер бойынан жалпы аумағы 172,2 гектарды құрайтын қолайлы орындар анықталды. Оның ішінде қалаға кіре берістегі  Б.Саттарханов даңғылы бойындағы 3 гектар аумақтағы ескі жасанды канал бойы абаттандырылып, автотұрақ, субұрқақ, отбасылық саялы гүлзарлар салынады.  Қазіргі таңда көпшіліктің демалыс орнына айналған «Рәміздер алаңы» осы гүлзарлармен жалғасатын болады.

Өзгелердің жаңалығы