Түркістан: Әскерилер қаланы залалсыздандыру жұмыстарына кірісті

4 Сәуір 2020, 07:49
994
Бөлісу:
Түркістан: Әскерилер қаланы залалсыздандыру жұмыстарына кірісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласында қауіпті вирус инфекциясымен күреске әскерилер тартылуда, деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Әскерилер стационарлық бақылау-өткізу бекеттеріндегі полиция мен медицина қызметкерлеріне көмек көрсетіп жатыр. Сондай-ақ сарбаздар қаладағы қоғамдық орындар мен саябақтарды, базарлар мен сауда орындарын залалсыздандыруға қатысады. Бүгіннің өзінде арнайы киім киіп, құрал-жабдықтармен қамтылған әскерилер шаһардағы орталық көшелерді дезинфекциялау жұмыстарын жүргізді. Осындай өңдеу шаралары елдегі төтенше жағдай аяқталғанға дейін күніне екі рет жалғасатын болады.

Қазір дезинфекциялау шараларына 200 әскери мен бірнеше техника жұмылдырылған. Қажеттілік туындаған жағдайда әскерилердің саны артатындығы да айтылған.

Бүгіннен бастап теміржол вокзалы толық жабылады. Автобекеттер толық жабық. Базарда азық-түліктен басқасы жабық. Енді құрылыстан бөлек басқа да мекемелердің барлығына шектеу қойылады. Жұмыстың бәрін бүгін тоқтату керек. Ауырғандардың бір-екеуі біздің аумақтан өткен. Сондықтан әскерден күш сұрадық. Бізде залалсыздандыруға адам саны аз болып жатыр. Бүгін барлығына қажетті заттардың барлығын алып бердік, - деді қала басшысы Рашид Аюпов, - деді шаһар басшысы Рашид Аюпов.

Өзгелердің жаңалығы