Түркістан облысында жеңгетайлықпен айналысқандар ұсталды

25 Маусым 2020, 14:42
1591
Бөлісу:
Түркістан облысында жеңгетайлықпен айналысқандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы ПД полицейлері жеңгетайлыққа, адам саудасына және басқа да құқықбұзушылықтарға қатысты қылмыстарды ашу, алдын-алу және ескерту бойынша тұрақты түрде жедел-профилактикалық іс-шара өткізіп отырады, деп хабарлады Polisia.kz.

Маусым айындағы жедел-профилактикалық іс-шара барысында полицейлер моншалар мен қонақ үйлерді, ойын-сауық ғимараттарын және басқа да ықтимал орындарды басты назарға алды. Облыс бойынша криминалды полиция басқармасының полицейлері арнайы тәжірибелі қызметкерлерден топ құрып, тексеру жұмыстары жүргізілді.

Осылайша, жедел түрде іске асырылған іс-шаралар кешенінің аясында полицейлер облыс аумағынан жеңгетайлық пен притон ұйымдастырудың 7 жайтын анықтап, жолын кесті. Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 309-бабы "Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 
Мысалы, Сарыағаш қаласында жүргізілген жедел профилактикалық іс-шарасының қорытындысы бойынша полицейлер жергілікті 2 қонақүйден притонды анықтады. Жедел уәкілдер анықталған қонақүйдің біріндегі притоннан ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсеткен жеңіл жүрісті төрт қызды анықтады. Олардың барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары, - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері Сайрам ауданында да 2 жайтты тіркеді. Оның бірі сауна да болса, келесісі қонақүйден анықталды. Ал, бұл аудандағы қонақүйде 8 жеңіл жүрісті қыздар бар болып шықты. Оның біреуі Өзбекстан Республикасының азаматшасы болса, қалғандары жергілікті тұрғындар. Жоғарыда аталған притон мен жеңгетайлықты ұйымдастырған әйелдер де ұсталды. Осы ғимараттарды жалға берген иесі жауапқа тартылып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабымен "Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну" хаттама толтырылды.

Дәл осындай теріс қылық Мақтаарал, Қазығұрт, Жетісай аудандарында 1 жайттан анықталып, тіркеуге алынды. Сондай-ақ, тәртіп сақшыларымен 30-дан астам жеңіл жүрісті қыздар және 10 тұлға "Жеңгетайлықпен" есепке алынды. Барлық аталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде. 


Өзгелердің жаңалығы