Түркістан облысында шаңды дауыл соғады

6 Маусым 2020, 16:06
1882
Бөлісу:
Түркістан облысында шаңды дауыл соғады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аймақта жел екпіні күшейеді, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.


7 маусымда Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан шаңды дауыл соғып, желдің екпіні 23 м/с дейін күшеюі ықтимал. Шымкентте де 7 маусымда жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді деп күтілуде.

Түркістан қаласында 7 маусымда шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %. 
 
Қызылорда облысында да солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-100%. 
 

Өзгелердің жаңалығы