Түркістан облысында мемлекеттік қызметті электрондық түрде көрсету үлесі 6% өсті

17 Шілде 2019, 09:53
1270
Бөлісу:
Түркістан облысында мемлекеттік қызметті электрондық түрде көрсету үлесі 6% өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен брифинг барысында мемлекеттік қызмет департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев хабарлады. 

Оның айтуынша, аймақ мемлекеттік қызметтерді электронды түрге көшіру үшін мемлекеттік мекемелер мен жұртшылық арасында онлайн-сервисті кеңінен насихаттау нәтижесінде қолжеткізді. 

"Биылғы жылы 30 мыңға жуық халық үшін 478 оқыту жұмыстары ұйымдастырылған дәне көрнекі жерлерге 279 билборд ілініп, 26 жәрмеңке өткізілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде облыс бойынша көрсетілген қызметтердің электронды түрдегі үлесі 88% құрады. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың 1-жартыжылдығымен салыстырғанда 6%-ға жоғарылаған", - деді Ғалым Тұрсынбаев. 

Сондай-ақ, өңірде 68 Студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылған.

Бұған қоса, есеп беру кезеңінде 32 тексеру жүргізіліп, 1 558 бұзушылық анықталды. Аталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында соңғы 6 ай ішінде 98 - ұсыныс енгізіліп, 20 қызметкерге тәртіптік жаза қолданылса, ал 9 лауазымды тұлғаға әкімшілік құқықбұзушылық іс қозғалып, нәтижесінде 31 300 теңге айыппұл өндірілді.


Өзгелердің жаңалығы