Түркістан облысында коронавирус жұқтырған тағы 6 адам анықталды

2 Сәуір 2020, 19:56
1756
Бөлісу:
Түркістан облысында коронавирус жұқтырған тағы 6 адам анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында 2 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 6 адам анықталды. Жетісай ауданынан - 3, Кентау қаласы -1, Ордабасы – 1, Сайрам -1 науқас тіркелді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кентаудан анықталған азамат Жетісай ауданынан шыққан науқаспен байланыста болған. Ордабасы мен Сайрам ауданының екі тұрғыны Шымкент қаласында диагнозы расталған азаматтың туыстары. Науқастар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда. Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде, – делінген хабарламада.

Бүгінде Түркістан облысында коронавирус індетімен жалпы 11 адам тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы