Бас жаңалықтар
Түркістан облысында инвестициялық 13 жоба жүзеге асуда
08 Тамыз 2020, 00:37 213

Түркістан облысында инвестициялық 13 жоба жүзеге асуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыста қазіргі уақытта 94,65 млрд теңге сомасына 13 жоба бойынша инвестиция тарту туралы шешім қабылданды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінен хабарлады.

Облыс әкімдігі мен "Turkistan Invest" инвестицияларды тарту және экспортты дамыту жөніндегі өңірлік агенттігі соңғы 6 айда инвесторлармен 22 кездесу өткізді. Оның 17-сі шетелдік компаниялардың қатысуымен өткен. Бұл компаниялар өңірімізге шамамен 234 млрд. теңге инвестиция әкеліп, 2162-ден астам адамды жұмыспен қамтамасыз етуге дайын.

"Turkistan Invest" қызметкерлерінің айтуынша, тартылған инвестиция 55 жобадан тұрады. Нәтижесінде Түркістан облысында бірқатар ірі кәсіпорындар пайда болады. Солардың бірі "Turkistan" индустриялық аймағының аумағында орналасқан "Brownfield" өндірістік алаңында ауыл шаруашылығы техникасын жасау. Жоба 3 кезеңде жүзеге асырылады. Сомасы 12 миллион АҚШ долларын құрайтын жоба бойынша 100-ге жуық жұмыс орны ашылады.

Сондай-ақ, облыс басшылығы өңірдегі тоқыма саласын дамытуға ерекше көңіл бөлді. Осыған байланысты Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеевтің Өзбекстан Республикасының делегациясымен кездесуінде "Turkistan" индустриялық аймағының аймағында тігін цехын салу бойынша құны 1млн АҚШ доллары тұратын инвестициялық жобаны іске асыру туралы шешім қабылданды.

Жалпы 2020 жылы Түркістан облысы бойынша жалпы сомасы 375,1 млрд теңге болатын 94 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл дегеніміз – 5 845 жаңа жұмыс орны құрылады деген сөз.

Оның ішінде шетелдіктер қатысуымен 13 жоба жүзеге асып, 2 820 жұмыс орны құрылады.


Фото: дереккөз
Загрузка...