Түркістан облысында дәрі-дәрмек бағасын волонтёрлер де қадағалайды

16 Шілде 2020, 08:45
970
Бөлісу:
Түркістан облысында дәрі-дәрмек бағасын волонтёрлер де қадағалайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әр дәріханаға бекітілген еріктілер күнделікті фармацевттердің жұмысымен танысып, емдік препараттар бағамын бақылап отырады, деп хабарлайды "Хабар 24". 

Егер заң бұзушылық анықталса, дереу уәкілетті органдарға хабарлайды. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, дәрі тапшылығы қазір жойылған. Жуырда ғана Өзбекстаннан жүздеген мың қорап емге дәру заттар тиелген жүк көліктері келді. Енді бірер күнде тағы фарм-тауар партиясы Түркиядан әкелінбек. Шипалы дәрі алдымен мемлекеттік ауруханалардың қоймасына жеткізіледі. Емдеу мекемелерінде қазіргі жинақталған қор 20 күнге жетеді. Әкімдік пен ірі дәріханалар желісі арасындағы келісімге сәйкес фармацевттер дәрі бағасын қымбаттатпай, тек дәрігер нұсқауы бойынша ғана босатуы тиіс.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының айтуынша, ауруханалардағы жағдай да біршама тұрақтанған.
2 апта, 20 күннің ішінде түсетін науқастар көп болған. Мысалға Түркістан қаласында күніне ауруханаға 60-70 адам түсетін болса, кеше 1 тәулік ішінде 9 адам түсті. 6 адам пневмониямен. Бүгін Түркістан клиникалық ауруханасында 180 орын бос болып тұр. Жедел жәрдем шақырулар 1 күн ішінде 3400-ге дейін барған, кешегі тәулікте 1900 шақыру болған. Былай пневмония, коронавирус бойынша Түркістанда жағдай тұрақты, – дейді облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пәшімов.

Өзгелердің жаңалығы