Түркістан облысында аз қамтамасыз етілген отбасылар саны 4 есеге азайған

13 Тамыз 2020, 20:36
1059
Бөлісу:
Түркістан облысында аз қамтамасыз етілген отбасылар саны 4 есеге азайған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен жылмен салыстырғанда Түркістан облысында аз қамтамасыз етілген отбасылар саны 4 есеге азайған. Мамандар көмекке мұқтаж жанұялардың азайюын көп балалы отбасылардың бөлек санатқа шығып, оларға арнайы әлеуметтік жәрдемақының көрсетілуімен байланыстырады.

Атап айтқанда, өңірде 2020 жылдың 1 тамызына дейін аз қамтамасыз етілген 27,5 мың отбасыға (156,9 мың адам) 7706,9 млн. теңге қаржы тағайындалған. Сондай-ақ, кепілдендірілген әлеуметтік топтама 1-6 жастағы 35 877 балаға 1104,3 млн. теңге тағайындалды. Ал, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінде еңбекке қабілетті 9944 адамы жұмыспен қамтылып отыр.

Одан бөлек, төтенше жағдай кезінде сәуір-мамыр айларында 160,6 мың адам 2,2 млрд. теңгеге азық-түлік-тұрмыстық жиынтығымен қамтылды. "Қамқорлық" бағдарламасы аясында 1643 өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасы анықталып, оның ішінде 35 отбасы тұрғын үймен қамтылды. Сонымен қатар, 1643 отбасыға 341,7 млн теңгеге демеушілер есебінен көмектер көрсетілген.


Өзгелердің жаңалығы