Түркістан облысында 3 жасар қыз арыққа батып кетті

13 Шілде 2019, 13:28
1544
Бөлісу:
Түркістан облысында 3 жасар қыз арыққа батып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында 3 жасар қыз арыққа батып кетті.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға түнгі сағат 22.30-да Түркістан облысы Келес ауданы Қызыләскер ауылында орын алды. 

Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтың хабарлауынша, 2016 жылы туған қыз қараусыз қалып, жеке үйдің маңындағы арыққа батып кеткен.

"Құрметті азаматтар, ата-аналар!Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Балғындардың су қоймасы, жол мен үйдегі тәртібін қадағалаңыздар. Оларға қауіпсіздік ережелерін үйретіңіздер. Балаларды аз уақытқа жалғыз қалдырудың өзі олардың өміріне қауіп төндіретінін ұмытпаңыздар", - деп ескертті Нұрсұлтан Нұрахметов.
Өзгелердің жаңалығы