Түркістан облысында 166 азаматқа айыппұл салынды

10 Сәуір 2020, 12:17
1329
Бөлісу:
Түркістан облысында 166 азаматқа айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы аумағында адамдар көп жиналатын орындарда, банк пен "Казпочта" АҚ бөлімшелерінде сақтық шараларының нұсқаулық бойынша орындалуы арнайы мобильді топтармен  тұрақты бақылануда.

Облыс аумағында 156 мобильді топ мониторинг жүргізіп, бүгінгі күнге дейін күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимнің  сақталуын яғни төтенше жағдай талабын бұзған 254 субъектіге әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттамалар толтырды. Құжаттарды жергілікті сотқа жолданды.
Сот шешімімен 166 тұлғаға 10 АЕК мөлшерінде айыппұлдар салынып, 55 тұлға қамауға алынды. Төтенше жағдай кезіндегі сақтық шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жалғасуда. Барлық банк өкілдіктері, "Капочта" АҚ бөлімшелері жұмысын қалыпты жағдайда жалғастыруда, - деп хабарлады Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Өзгелердің жаңалығы