Түркістан облысында 120 мыңнан астам адамға АӘК автоматты түрде тағайындалды

29 Қыркүйек 2020, 12:39
1452
Бөлісу:
Түркістан облысында 120 мыңнан астам адамға АӘК автоматты түрде тағайындалды

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 мың отбасыдағы 120 мыңнан астам облыс тұрғынына, IV тоқсанда атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, олардың мемлекеттік мекемелерге жүгінуінсіз автоматты түрде ұзартылады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің тиісті бұйрығы биыл 25 қыркүйекте қабылданды және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. 

Бұл шара ауылдық әкімдіктерде және Жұмыспен қамту орталықтарында адамдардың жаппай жиналуының алдын алады, осылайша, азаматтардың коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін азайтады. 

Бірінші рет жүгінген кезде Жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларында қажетті деректерді тексереді. Сонымен бірге учаскелік комиссиялар АӘК тағайындауға өтініш берушілерге мессенджерлер арқылы сауалнама жүргізеді, барып тексеріс өткізбейді. АӘК өтінімдерін жаңарту кезінде кірістердің белгілі бір түрлері ескерілмейді, - делінген хабарламада. 

Бұған дейін АӘК алушыларына төтенше жағдай мен шектеу шараларының себебінен II және III тоқсандарда көмек тағайындау ұзартылған болатын. АӘК жан басына шаққандағы орташа табысы отбасының әрбір мүшесі үшін аймақтық ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалатынын еске саламыз. 

Түркістан облысында аз қамтылған азаматтар қатарынан барлығы 176,8 мыңнан астам АӘК алушы бар.

Өзгелердің жаңалығы