Түркістан облысында 12 ауыл шаруашылығы жобасы іске қосылды

14 Тамыз 2019, 14:05
2430
Бөлісу:
Түркістан облысында 12 ауыл шаруашылығы жобасы іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Түлкібас ауданында ауылшаруашылығы саласын дамыту мақсатында ауқымды жобалар іске асуда. Бұл туралы жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады. 

WhatsApp Image 2019-08-14 at 10.53.09.jpeg

"2019 жылы алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып және халықты жұмыспен қамту мақсатында жалпы сомасы 6094,0 млн тенгені құрайтын барлығы 33 жоба іріктеліп алынды. Бүгінгі күнге жалпы сомасы 787,3 млн теңгені құрайтын 12 жоба іске асырылды. Оның ішінде, өз қаражаты есебінен – 7 жоба, несиелендіру арқылы – 5 жоба, ал қалған 21 жоба бойынша бүгінгі күнде шаруақожалық басшылары құжаттарын жинақтап, қаржы институттарымен қаржыландыру бойынша етене жұмыс жүргізуде", - делінген хабарламада.

WhatsApp Image 2019-08-14 at 10.53.11 (1).jpeg

Бүгінде аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен барлық деңгейдегі қаржы институттарын тарта отырып, жергілікті кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие алу бойынша түсіндіру жұмыстары қарқынды жүруде.


Өзгелердің жаңалығы