Түркістанда діни ағымдарға қатысты 30-дан астам қылмыс ашылды

17 Ақпан 2020, 23:53
1746
Бөлісу:
Түркістанда діни ағымдарға қатысты 30-дан астам қылмыс ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Түркістанда деструктивті діни ағымды ұстанушылардың қатысуымен болған 34 қылмыс ашылды. Оның ішінде діни араздықты қоздыру, жеке мүлікті ұрлау, есірткі сату мен сақтау, тағы басқа қылмыстар болған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылы діни тәжірибесін жасырып, заңсыз медициналық және емшілік қызмет көрсеткен деректер анықталған. Нәтижесінде өңірде деструктивті діни ағымды ұстанушы 567 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 16-сы діни сипатты бұзғаны үшін ұсталған.

Тәртіп бұзған азаматтарға 5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынған.

Полиция департаменті мен экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері дәстүрлі емес діни ағымдарды насихаттаумен айналысатын адамдарды ұстау үшін бірқатар арнайы операция жүргізді. Тінту кезінде күдіктілерден ұялы телефондар, діни мазмұндағы баспа әдебиеттер мен компьютерлік техника тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеудің барлық материалдары айыптау актісімен сотқа жолданған, – делінген облыстық ПД баспасөз хабарламасында.


Өзгелердің жаңалығы