Түркістан қаласының жаңа әуежайының жоспарланған рейстері

14 Қыркүйек 2020, 22:49
1861
Бөлісу:
Түркістан қаласының жаңа әуежайының жоспарланған рейстері

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына және Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспарына сәйкес, қазіргі уақытта Түркістан қаласының жаңа халықаралық әуежайының құрылысы жүргізілуде. 

Құрылысты аяқтау 2020 жылдың қыркүйек айының соңында жоспарланып отыр. «Fly Arystan», «Qazaq Air» және «SCAT» авиакомпаниялары Түркістаннан Нұр-сұлтан мен Алматыға рейстерді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, Түркістан қаласын Қазақстанның басқа облыс орталықтарымен байланыстыру жоспарлануда. Бұдан басқа, «Turkish Airlines» авиакомпаниясымен бастапқы кезеңде аптасына 3-4 рейс жиілігімен Түркиядан Түркістанға ұшуларды одан әрі ықтимал ұлғайтумен орындау туралы жарияланды.     

Сонымен қатар, басқа шетелдік авиакомпаниялар Әзірбайжаннан, Ресейден және Біріккен Араб Әмірліктерінен Түркістанға халықаралық рейстер ашу мәселесін қарастыруда. 

 Анықтамалық:
Әуежайдың негізгі параметрлері: әуежай ауданы - 905,3 га., жасанды ұшу-қону жолағы: 3 300 х 45м., жолаушылар терминалы ауданы - 10,5 мың м2, өткізу қабілеті-450 жолаушы/сағ.                                                  
Өзгелердің жаңалығы