Бас жаңалықтар
Түркістанға тарту ретінде драма театр салынуда
11 Шілде 2019, 00:29 191

Түркістанға тарту ретінде драма театр салынуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Ақтөбе облысының әкімі 10-шілдеде Түркістан облысына жасаған іс-сапары барысында  Түркістан  қаласының облыс орталығы болып құрылуына байланысты Ақтөбе өңірінің тартуы ретінде салынып жатқан драма  театрдың  құрылыс жұмысымен танысты, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аталған нысан  Түркістан мен Ақтөбе облыстарының бірігіп қаржыландыруымен жүзеге асуда.  4 қабаттан тұратын ғимараттың жалпы көлемі 9700 шаршы метрді құрайды. Бой көтеріп келе жатқан мәдени ошақ заманауи үлгіде, барлық талаптарға сай салынуда.  510 адамға арналған көрермен залы, арнайы автотұрақ орны болады.

«Облыс әкімі Оңдасын Оразалин жауапты мердігер мекемеге драма театрды көпшілік игілігіне  дер кезінде беруді әрі құрылысының сапалы жүруін  тапсырды. Ақтөбе облысының Түркістанға тартуы ретінде салынып жатқан драма театрдың құрылысы осы жылдың маусым айында басталған, 2020 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланып отыр»,-делінген хабарламада.

 


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық