Түркістанға апаратын екі пойыз жүреді

12 Ақпан 2019, 14:35
2287
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Астана – Түркістан» және «Алматы – Түркістан»  бағыттарында жаңадан жүре бастаған пойыздар жолаушылардың Түркістанға қатынау мүмкіндігін айтарлықтай кеңейтті.


Бұдан басқа, өңірдің көлік қолжетімділігін дамыту үшін қала маңындағы әлеуметтік бағыттар бойынша Түркістан – Шымкент, Түркістан – Бадам және т.б. Түркістан – Сарыағашқа жүру бағыттары ұйымдастырылды.

2018 жылы жолаушылардың өтініштері мен тілектерін ескере отырып, Қарағанды-Томск жаңа халықаралық жолаушылар пойызы және ішкі бағыттар бойынша сегіз қосымша коммерциялық пойыздар іске қосылған. Мереке күндері және мереке алдындағы күндерге 13 қосымша пойыз қосылған.

Өткен жылы жолаушылар пойызының екі жылжымалы құрамы жаңартылған. Олар «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құрылған «Астана – Риддер», «Алматы – Павлодар» бағытындағы пойыздар.
Өзгелердің жаңалығы