Түркістан: 5 мыңнан аса дәрігерге үстемақы төленген

1 Тамыз 2020, 00:35
1504
Бөлісу:
Түркістан: 5 мыңнан аса дәрігерге үстемақы төленген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы бойынша инфекциялы қауіпті аумақта жұмыс істеген 5 мыңнан астам медицина қызметкерлеріне жалақыдан бөлек 2 867 134 712,30 теңге үстемақы төленген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінен хабарлады.

Қосымша ақыны 2-ші және 3-ші тәуекел тобының қызметкерлері алды. Олар: провизорлық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, жедел медициналық жәрдем дәрігерлері мен фельдшерлері, сонымен қатар санитарлық авиацияның дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлері.

Инфекциялы қауіпті аумаққа жұмысқа тартылған медицина қызметкерлері санының ай сайын өсуі байқалады. Егер наурыз айында 19 мыңнан астам қызметкер үстемақы алған болса, маусым айында олардың саны 53 мың адамға дейін артқан. Сонымен қатар, Түркістан облысында КВИ-ге қарсы күрес шараларына наурыз айында 2 мыңдай медицина қызметкері қатысқан болса, маусым айында 5,3 мың медицина қызметкеріне жетті.

Қазіргі таңда аурухана мен емхана қызметкерлерін қолдау үшін Қор алғы төлем сомасын 50%-ға дейін арттырды. Ал ауылдық ауруханалар желісіндегі қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін жоспарлы медициналық қызметтер көлемі төмендесе де базалық қаржыландыру жүргізілді. Сондай-ақ, пандемия кезеңінде Қор медициналық ұйымдардың шарттық міндеттемелеріне мониторинг жүргізуге мораторий жариялады, - дейді "ӘМСҚ" КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев.

 

Өзгелердің жаңалығы