«Түркіменстан әуежелісіне» ЕО-ға ұшуға тиым салынды

5 Ақпан 2019, 09:57
2115
Бөлісу:
«Түркіменстан әуежелісіне» ЕО-ға ұшуға тиым салынды

Алматы, BAQ.KZ. «Түркімен әуежелісі» әуекомпаниясы Еуропалық әуе қауіпсіздігі агенттігінің (EASA) қара тізіміне кірді. Әуекомпанияның ұшақтарына аяқастынан Еуроодақ елдеріне кіруге тиым салынды, деп хабарлады informburo.kz.



Елдегі азаматтық авиация басқармасының айтуынша, британдық екі әуежайдан Ашхабад арқылы Үндістанға баратын «Түркімен әуежелісі» дереу тоқталыған. Бұл әуежелісі бойынша Бирмингемнен аптасына бес рет Ашхабатқа ұшып тұрса, лондондық Хитроу әуежайынан аптасына бір рет қатынап тұрыпты.

Қазір алдын ала болжам бойынша, қолында билеті бар «Түркімен әуежелісінің» 5000 жолаушысы Үндістаннан ұша алмай отыр.
Зардап шеккен жолаушыларды дереу әуекомпаниямен байланысуға шақыруда.

Аталған әуекомпанияның Ұлыбританиядан басқа Германия мен Францияға да ұшатын рейстері бар екені айтылуда.

«Түркімен әуежелісі» - бұл 1992 жылы құрылған мемлекеттік компания екендігі және бұған дейін ұшақтарда бірде-бір рет әуе апаты орын алмағаны, адам шығыны болмағаны айтылған.

Өзгелердің жаңалығы