Бас жаңалықтар
Түркітілдес мемлекеттердің экономикалық өзара іс-қимылын жандандыру қажет – Мамин
13 Наурыз 2019, 13:51 786

Түркітілдес мемлекеттердің экономикалық өзара іс-қимылын жандандыру қажет – Мамин

Астана, BAQ.KZ. ҚР Премьер-vинистрі Асқар Мамин Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (ТМЫК) бас хатшысы Бағдат Әміреевпен кездесу өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың ынтымақтастықтың түркі ұйымдарының құрылымдық реформалары, түркі интеграциясының қорын және ТМЫК бірлескен инвестициялық қорын құру бойынша ұсынған бастамаларын іске асыруға ерекше көңіл бөлінді.

Кездесу барысында түркі тілдес мемлекеттердің экономика саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ, инвестициялық ынтымақтастық, көлік және логистиканы дамыту, бірлескен кәсіпорындарды құру әлеуеті, ТМЫК мүше мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды.

«Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің аясында түркі тілдес мемлекеттердің өзара іс-қимылының экономикалық күн тәртібін қалыптастыру бойынша жұмыстарды жандандыру керек», — деп А. Мамин, машина жасау, туризм, агросектор, жеңіл өнеркәсіп салаларындағы, сонымен қатар жалпы “қарапайым заттар экономикасын” дамыту саласындағы ынтымақтастықтың зор әлеуетін атап өтті.

Өз кезегінде Б. Әміреев биыл наурызда Астанада өткен ТМЫК кеден қызметтері басшыларының отырысы туралы ақпарат берді. Жалпы, Кеңестің кеден қызметтерінің өзара іс-қимылы, мүше мемлекеттердің кеден қызметтері арасында Өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру және сақтау мәселелері қаралды.

Загрузка...