Түркі тарихы Қазақстан, Әзербайжан және Түркия мектептерінде оқытыла бастады

22 Ақпан 2020, 01:18
1277
Бөлісу:
Түркі тарихы Қазақстан, Әзербайжан және Түркия мектептерінде оқытыла бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан, Әзербайжан және Түркия мектептеріне «Ортақ түркі тарихы» оқулығы енгізіле бастады, делінген Халықаралық Түркі академиясының ресми сайтында.

 "Ортақ түркі тарихы" оқулығы Түркі Кеңесіне мүше мемлекеттер басшыларының тапсырмасымен әзірленген. Тағылымы мол кітапты Халықаралық Түркі академиясы дайындаған.

 

Биылғы жылы "Ортақ түркі тарихы" пәнін факультатив ретінде Түркияда 30 мың оқушы, Қазақстанда 15 мың оқушы, Әзербайжанда 10 мың оқушы таңдады. Оқулық ежелгі дәуірден бастап XV ғасырға дейінгі кезеңді қамтиды. Оқу құралында түркі халықтары құрған мемлекеттердің тарихымен бірге олардың дәстүрлері, мәдениеті және ұлттық ойындарының пайда болу тарихы жан-жақты көрсетілген, - делінген академияның ресми сайтында.
Өзгелердің жаңалығы