Тұрғындар тек проблемалармен ғана емес, жақсы идеялармен де келеді – Сағынтаев

22 Қараша 2019, 11:28
4505
Бөлісу:
Тұрғындар тек проблемалармен ғана емес, жақсы идеялармен де келеді – Сағынтаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалықтар Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауына өздерінің үй, жер, коммуналды проблемаларын шешу үшін ғана келмейді. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Facebook-тегі парақшасында жазған.

Көптеген жандар мұнда жақсы идеяларымен де келеді дейді әкім.

Бүгінгі қабылдауға келгендердің арасында мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелерімен айналысатын Арнұр Ысқақов пен Нұргүл Сейітбекова болды. Олардың "Белсенді өмір" форумын өткізу және ыңғайлы киімдер тігу жөніндегі әлеуметтік маңызы бар жобаны жүзеге асыру туралы ұсынысын қолдаймыз, - деп жазды ол.

Қолжетімді ортаны қаматамасыз ету — Nur Otan партиясы қалалық филиалының бақылауында тұрған маңызды мәселелердің бірі. Аппараттық жиында "Кедергісіз келешек" партиялық жоба туралы ақпаратты тыңдадық. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді ортаны қалыптастыратын әрі мемлекеттік қызметті көрсететін 20 ұйымның жұмыстарында кемшіліктер бар.

Шешім қабылданды: партияның қалалық филиалының келесі отырысында аталған объектілер басшылары көрсетілген проблемалардың қалай шешіліп жатқанын баяндайтын болады.



Өзгелердің жаңалығы