Тұрғын үйге азаматтарды есепке қою уақытша тоқтатылады

19 Қараша 2019, 17:07
2155
Бөлісу:
Тұрғын үйге азаматтарды есепке қою уақытша тоқтатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 қараша мен 13 желтоқсан аралығында "Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою" мемлекеттік қызметке өтініштерді қабылдау уақытша тоқтатылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл шара тұрғын үй кезегінің бірыңғай ұлттық жүйесін іске қосумен және деректерді жаңа жүйеге көшірумен байланысты. 

Техникалық жұмыстар жүргізілгеннен кейін, тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдарды тіркеу үшін құжаттарды ұсыну қалыпты режимде жұмыс жасайтын болады. 

Қосымша толық ақпаратты "Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау" ММ, "Алматы" ауданы, Қошқарбаев даңғылы, № 39 мекен-жайы бойынша немесе мына байланыс телефондары арқылы алуға болады: 55-68-22, 55-68-45, 55-68-47, 55-68-34.



Өзгелердің жаңалығы