Тұмар ханшайым мен Кир патша шайқасы туралы тарихи драма сахналанады

8 Қаңтар 2019, 11:55
3746
Бөлісу:
Тұмар ханшайым мен Кир патша шайқасы туралы тарихи драма сахналанады

Астана, baq.kz. Маңғыстау облысындағы Сенек ауылынан 15 шақырым жерде әйгілі Тұмар ханшайым мен парсы патшасы Кир туралы тарихи драма қойылмақ, деп жазды «Хабар 24»

Байырғы заманда қос тұлғаның шайқасы осы маңайда болғандығы туралы айтылады. Өңір тарихының көпке беймәлім тұстарын кеңінен таныту үшін аймақ жастары «Үстірт шайқасы» деп аталатын қойылым әзірлемек.

Ал жазда Елбасының «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласы аясында жастардың республикалық экспедициясын өткізу жоспарлануда. Ауқымды шара Маңғыстаудан басталады. Одан әрі Атыраудағы Сарайшық, Исатай, Махамбет кесенелері, Оралдағы Бөкей орда, Ақтөбедегі Қобыланды батыр кесенесі, Қызылорда, Түркістан арқылы Есік қорғанына өтіп, Ұлытау мен Астана қалаларын да араламақ.

«Сонымен бірге өзіміздің Маңғыстаудың ішкі туризмін дамыту мақсатында «Өз тарихыңды танып біл» деген оқушыларға, жастарға әртүрлі саяхат турлар, экскурсиялар ұйымдастырамыз.  Біздің Маңғыстау өңірінде үлкен-үлкен тайпалар өмір сүрген. Сақтардың іздері Маңғыстаудың жерінде жатқанын жастар білуі керек», - дейді облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, Бауыржан Тұяқов.

Өзгелердің жаңалығы