Түлкібастық еріктілер орталық ауруханаға 210 оттегі балонын тарту етті

15 Шілде 2020, 07:50
1293
Бөлісу:
Түлкібастық еріктілер орталық ауруханаға 210 оттегі балонын тарту етті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Түлкібас ауданының еріктілері орталық ауруханаға оттегі балондарын тегін жеткізуде, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Соңғы бір аптаның ішінде Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен аудандық ауруханаға демеушілер мен ерікті тұрғындар есебінен 210 дана оттегі балондары жеткізілді.

Сондай-ақ, ол балондардың оттегісі таусылса Шымкент қаласындағы оттегі құю бекетінен толтырып келуге аудан әкімдігінен бөлінген автокөлік тәулік бойы қызмет етуде.

Алдағы күндері еріктілер ауруханаға тыныс алу құрылғыларын да жеткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, барлық ауылдық округ, кент әкімдері өздерінің қызметтік көліктері мен жүргізушілерін ақ халатты абзал жандарға берген. Бүгінде 17 көлікпен бригадалар үйде сырқаттанып жатқан тұрғындарды үйме-үй аралап ем-дом жасауда.

Өзгелердің жаңалығы