ТҮКШ нысандары жылыту маусымына 97% дайын – вице-министр

19 Қыркүйек 2019, 00:29
1856
Бөлісу:
ТҮКШ нысандары жылыту маусымына 97% дайын – вице-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ОКҚ-те өткен брифингте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, министрлік 2019-2020 жылдарға арналған жұмыс жоспарын бекітті, соған сәйкес облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне 1 қазанға дейін жылу беру маусымына білім беру объектілерін дайындау қажет және 15 қазанға дейін барлық объектілерді, оның ішінде инженерлік желілерді, автономды қазандықтарды дайындауды толық аяқтауы, сондай-ақ халықты және коммуналдық-тұрмыстық ұйымдарды отын қорымен толық қамтамасыз етуі қажет.

"Әкімдіктер сырттағы ауа температурасы +8 + 10 С-қа дейін күрт төмендеген кезде немесе үш-бес күн ішінде төмен түскен кезде жылыту маусымының басталғаны туралы хабарлайды. Әдетте 1 қазаннан бастап жылу қосылады,  кейіннен әлеуметтік нысандарға, ал 15 қазаннан тұрғын үйлерге жылу беріледі.  Жылу беру маусымы әдетте 15 сәуірде аяқталады, алдымен тұрғын үйлерді, ал 25 сәуірден бастап әлеуметтік нысандарды жылудан айырады", - деді ол.

ҚР ИИДМ бірінші вице-министрі 2019 жылғы 16 қыркүйектегі жағдай бойынша білім беру нысандары жылу беру маусымына 99,6%-ға, денсаулық сақтау нысандары 98,6%-ға, тұрғын үйлер 94,9%-ға дайын екенін атап өтті.

"Инженерлік инфрақұрылымды жылыту маусымына дайындау шеңберінде жоспарлы түрде алдын-алу жұмыстарымен: 10 212 бірлік автономды қазандық (жоспардың 96,1%); 4,8 мың км жылумен жабдықтау желілері (жоспардың 96,2%); 14,5 мың км сумен жабдықтау желілері (жоспардың 95,9%) қамтылды", - деді брифинг барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.

Өзгелердің жаңалығы