Төрт айдың ішінде 900 есірткі қылмысы тіркелген

21 Мамыр 2019, 17:03
2252
Бөлісу:
Төрт айдың ішінде 900 есірткі қылмысы тіркелген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Нұртай Әбілмәжінов айтты.

«Жыл басынан бері 900 есірткі қылмысы тіркелді. Оның ішінде 660 сату және 155 есірткіні ірі мөлшерде сақтау фактілері тіркелді. Соның нәтижесінде 2 тонна 144 кг әртүрлі есірткі (10 кг героин, 1,7 тонна мариxуана, 380 кг гашиш, 2,5 кг синтетикалық) есірткі тәркіленді», - дейді Нұртай Әбілмәжінов.

Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде есірткіге қарсы іс-қимылдарды қатаңдатуды тапсырған болатын. Оның айтуынша, қазіргі кезде есірткі сату қылмысы бойынша интернет-сауда қызып тұр екен.

«Президент интернет-ресурстарды өздерінің қылмыстық пиғылдары үшін пайдаланушыларға қатысты қылмыстық жауапкершілікті заң тұрғысынан қатаңдату бойынша тапсырма берген еді. Бұл тапсырмалар үш бағыт бойынша іске асырылуда. Біріншіден, ішкі істер органдарының арнайы бөліністері ірі есірткі сатушыларды анықтауға бағытталған. Екіншіден, қылмыстық кодексті интернет-ресурстары арқылы тарататындардың алдын алу үшін жекелеген баптарды қылмыстық кодексте енгізу бойынша ұсыныстар әзірленді. Үшіншіден, министрдің тапсырмасы бойынша, орталық аппаратта ақпараттық-коммуникациялық жүйедегі есірткі қауіпсіздігі мәселелерімен айналысатын бөлініс құрылды», - дейді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы.

Өзгелердің жаңалығы