Сыртқы істер министрі Германияға ресми сапармен барады

14 Тамыз 2019, 17:01
1589
Бөлісу:
Сыртқы істер министрі Германияға ресми сапармен барады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов 19-20 тамызда Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

«Сапар аясында Германияның сыртқы істер министрі Хайко Маас, федералдық президент және федералдық канцлер ведомстволарының басшыларымен кездесулер жоспарланған. Кездесу барысында саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелерін, сондай-ақ көпжақты дипломатия бойынша өзара іс-қимыл мәселелерін талқылау жоспарланған», - деп айтты министрліктің ресми өкілі.

Оның айтуынша, Қазақстанның инвестициялық ахуалын таныстыру жоспарланған неміс компаниялары басшыларының қатысуымен өтетін дөңгелек үстел сапардың негізгі іс-шараларының бірі болмақ.
Өзгелердің жаңалығы