Сырдарияда ұн шығаратын зауыт ашылады

26 Наурыз 2021, 05:49
3070
Бөлісу:
Сырдарияда ұн шығаратын зауыт ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тереңөзек кентінде ұн шығаратын зауыт салынды. Жоба құны 80 млн теңге. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты жазды.

Зауыт тәулігіне 60 тонна ұн өндіреді. Жобаны «Аққұм Жер» серіктестігі жүзеге асыруда. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Шикізат Қостанай облысынан әкелінетін болады.

Жалпы өткен жылы ауданда мемлекеттік бағдарламалар арқылы өз кәсібін дөңгелетуге ниетті азаматтардың 538 жобасы қолдау тапты. Ал биыл облыстың экономикалық даму жоспарын іске асырудың Жол картасына ауданнан 6 жоба енгізілген. Оның ішінде «Күріш ақтап, тазалайтын және кіші пастерленген сүт зауыттарын іске қосу, жылыжай және бау-бақша сақтайтын қойма салу» жобасы бар. Жаңадан 33 жұмыс орны ашылады. Бүгінде бұл жобаның күріш тазалайтын цехы іске қосылды.
Аудан бойынша шағын және орта бизнес өкілдерінің саны 10,9 пайызға, ал нақты жұмыс жасайтын субьекті саны 10,2 пайызға артты. Экономиканы өркендетудің бірден-бір жолы кәсіпкерлікті дамыту екені анық. Қазіргі нарықтық экономика кезеңінде елімізде кәсіп ашуға мол мүмкіндіктер жасалуда, – деді Сырдария ауданының әкімі Талғат Дүйсебаев.
Биыл «Қуаттылығы жылына 630 тонна күріш ақтау цехының құрылысын салу» жобасы индустрияландыру картасына енгізілді. Құны 150 млн. теңгені құрайтын жоба жүзеге асса, айына 70 тонна күріш ақталып, 25 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы