Сыр спортшылары Азия чемпионатынан жүлделі оралды

9 Шілде 2019, 22:13
1556
Бөлісу:
Сыр спортшылары Азия чемпионатынан жүлделі оралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индонезияның Соло қаласында шахматтан 20 жасқа дейінгі жастар арасында өткен Азия чемпионатында Сыр спортшылары 2 алтын, 1 қола медаль иеленді. Бұл туралы kyzylorda-news.kz сайты хабарлады.

Классика бойынша сынға түскен Əсел Серікбай Азия чемпионы атанып, халықаралық ФИДЕ шеберін орындады. Ал Назерке Нұрғали блицтен алтын алса, рапидтен қола жүлдені еншіледі.

Дүбірлі додаға сырбойылық жас Сұлтан Аманжол да қатысып, шеберлігін шыңдады.

Айта кетейік, Қазақстанның атынан қызылордалық шахматшылар ғана өнер көрсетіп, ел қоржынына 3 медаль салды.

Ағымдағы жылдың қазан айында Үндістанда өтетін Əлем чемпионатына жастар арасында Əсел Серікбай мен Назерке Нұрғали, жасөспірімдер арасында Сұлтан Аманжол шеберлік байқасады.

Қызылордалық шахматшыларды жарысқа Василий Шимелков пен Риза Қошқарова дайындады.

Өзгелердің жаңалығы