Сыр елі су тапшылығына қарамастан биыл 500 мың тонна күріш жинаған
18 Қараша 2021, 13:11 107

Сыр елі су тапшылығына қарамастан биыл 500 мың тонна күріш жинаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова хабарлады.

Оның айтуынша, егемендік жылдары Қызылорда өңірі индустриалды-аграрлық өлкеге айналған.

Топырақтың қатты тұздануына байланысты біз суармалы жерде басқа дақылдарды тек күріштің ауыспалы егісінде сәтті өсіре аламыз. Сондықтан күріш егісін қысқарта отырып, күріш өсірудің тиімділігін арттыру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Биыл күріш егісін 89,5 мың гектардан 83,6 мың гектарға дейін қысқарттық. Су тапшылығына қарамастан биыл 500 мың тонна өнім алдық, - деп атап өтті облыс әкімі.

Сондай-ақ алдағы уақытта егіс алқаптарын 80 мың гектарға дейін көлемінде қалыптастыруды жоспарлануда. 

Бұл ретте ылғал аз қажет ететін дақылдар – соя, жүгері, майлы (мақсары, соя, күнбағыс) және жемшөптік дақылдар (жоңышқа, сүрлем, жемдік асқабақ) егістігін ұлғайтатын боламыз. Жыл бойы тұрақты түрде 36 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді. Азық-түлік тауарлары нарық бағасынан 15-20% төмен бағамен сатылды, - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Фото: дереккөз
Загрузка...