Кез келген адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды әзірлеуге қатыса алады

8 Қараша 2019, 22:17
2070
Бөлісу:
Кез келген адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды әзірлеуге қатыса алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда өткен форум барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа форматы ұсынылды. Кез келген адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды әзірлеуге қатыса алады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтық қоғаммен өзара қарым-қатынастың "өсім нүктесін" күшейтуде. Бұл үшін қарапайым тетіктер енгізілген. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы Алик Шпекбаев мәлімдегендей, барлық өңірлерде және бірқатар министрліктерде жұмыс істеп жатқан "Адалдық алаңы" жобалық кеңселері арқылы кез келген адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды әзірлеуге қатыса алады, - делінген ресми ақпаратта. 

Бұл шараның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық пен адалдықтың адамгершілік қасиеттерінің мәдениетін сіңіру.

Біз әлемдік тенденцияны ден қоя отырып, сенімге, әділдік пен парасаттылыққа негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзіндік моделін жасадық. Мемлекеттік органдар мен қоғамның өзара қарым-қатынасының басты негіздерін нығайтуға ерекше назар аударамыз, - деді Алматы қаласында өткен форумда Алик Шпекбаев.

Өзгелердің жаңалығы