Сыбайлас жемқорлықты көбінесе білім беру мекемелерінің басшылары жасайды – Ахметов

3 Қыркүйек 2021, 16:33
2066
Бөлісу:
Сыбайлас жемқорлықты көбінесе білім беру мекемелерінің басшылары жасайды – Ахметов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Ахметов «AntikorLive» жобасында айтты.

Білім беру жүйесін дамыту - мемлекеттің негізгі бағыттарының бірі. Алматы жастарға білім беру орталығы болып есептеледі. Біздің қаламызда 39 ЖОО мен 285 орта мектеп бар. Білім саласы департаменттің ерекше назарында. Талдау барысында анықталғандай, көбінесе сыбайлас жемқорлық деректерін білім беру мекемелерінің басшылары жасайды. Атап айтқанда, бюджет қаражатын ұрлау, жалған жұмысқа орналастыру, орындалмаған жұмыстар актілеріне қол қою, - деді Ахметов.
Оның айтуынша, биыл білім беру ұйымдарының екі директоры сотталған.
Департамент жұмысы қылмыскерді ұстап, жазалау ғана емес. Қылмыстың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуге ерекше көңіл бөліп отырмыз. Осыған орай, департаменттің басшылығы «Саналы ұрпақ» жобасын іске асырып жатыр. Биыл бізге азаматтардан 48 өтінім келіп түсті, - деді Мұрат Ахметов.

Өзгелердің жаңалығы