Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі бірнеше кездесуге қатысты

13 Қараша 2020, 03:15
993
Бөлісу:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі бірнеше кездесуге қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруды тапсырды.

Осы ретте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы және республикалық ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі Ырза Тұрсынзада Жамбыл облысына арнайы сапармен болды.

Жұмысшы топ іс-сапар барысында полиция департаменті қызметкерлерімен кездесті. Жиынға департамент басшысының бірінші орынбасары Р.Төлебаев, облыстық ақпараттық-үгіт насихат Штабының төрағасы Қ.Төленедиев, облыстық Полиция департаменті басшысының орынбасары Ф.Шанкаров пен  жеке құрам мүшелері, сондай-ақ қалалық/аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері бейнебайланыс арқылы қатысты.

12 қараша күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің  Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы және  республикалық ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі Ырза Тұрсынзада жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі бірнеше кездесуге қатысты 

Агенттік өкілдері қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық және транпоренттілік қағидаттарын енгізу мақсатында қала активімен кездесу өткізді.

Облыс әкімінің орынбасары Беркі Нығмашев төрағалық еткен жиынға Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев, облыстық ақпараттық-үгіт насихат Штабының төрағасы, арнайы мониторингтік топ мүшелері, басқарма басшылары қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары атап өткендей, Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте нақты міндеттерді айқындап, қоғам мен мемлекет игілігі үшін осы бағытта бірлескен жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті. 

Сонымен қатар, Б.Нығмашев өңірдегі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы бірқатар жобалардың, соның ішінде «Жамбылт-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмысының тиімділігіне тоқталды.



Өзгелердің жаңалығы