Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің департамент басшысы ұсталды

22 Наурыз 2020, 17:22
7404
Бөлісу:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің департамент басшысы ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Агентіктің Өзіндік қауіпсіздік департаменті сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өз қатарының тазалығын қамтамасыз ету саясатын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 20 наурызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Өзіндік қауіпсіздік департаментімен Агенттіктің 3-нші департаменті (жедел) басшысының міндетін уақытша атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеуді басталды, - делінген хабарламада. 

Ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілініп, қазіргі таңда Қызылорда қаласында уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қылмыстық істі тергеу Агенттік төрағасының жеке бақылауында. Өзге ақпарат ҚР ҚПК сәйкес жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы