Сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбында online айтыс өтеді

6 Сәуір 2020, 20:15
2146
Бөлісу:
Сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбында online айтыс өтеді

Павлодар. BAQ.KZ. Қазақстан тарихында алғаш рет ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Агенттік жанындағы республикалық ақпараттық-ағартушылық штабтың ұйымдастыруымен онлайн айтыс өтеді.

Айрықша шараға республиканың өңірлерінен 16 суырып салма ақын- қатысады. Олардың ішінде Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Сырым Әуезхан, Данияр Алдабергенов, Жұлдызай Маратбекова сияқты халықаралық және республикалық айтыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары бар, - дейді ведомство мамандары.

Айтыс сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбына арналады.

Жалпы, карантин кезеңінде онлайн режимде хабар таратудың шектеусіз қол жетімділігі арқылы қалың бұқара қамтылады деп күтілуде. Жарыс 9-шы сәуірде басталады. Қатысушылардың жеребе тартуы мен жұптарды бөлуден басталады. Онлайн Айтыстың финалы 2020 жылдың 18 және 19 сәуіріне жоспарланған.

Айта кетейік, сайыстың өту барысын штабтың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан көруге болады.

Жеңімпаздар «Antiсor_shtab_kz» телеграм арнасында онлайн дауыс беру арқылы анықталады.

Бас жүлдеге «Алтын Орда» авторлық дизайн үйі Tengri эксклюзивті этно-инсталляциясын және "Біз біргеміз" логотипімен кәдесый ұсынады.

Өзгелердің жаңалығы