Сүт безі обырын отасыз емдеудің тәсілі ойлап табылды

24 Қазан 2021, 16:08
1881
Бөлісу:
Сүт безі обырын отасыз емдеудің тәсілі ойлап табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде сүт безі обырын операциясыз емдеудің жаңа тәсілі ойлап табылды. Бірегей әдістеменің әлемде баламасы жоқ деп хабарлайды Lenta.ru.

Онколог Андрей Каприннің айтуынша, сүт безі рагын брахитерапия тәсілімен емдеуге болады. Емшара радионуклидтердің ықпалымен ісікті жойып, ешқандай отасыз аурудың ошағын жоюға бағытталған.

Ресейлік мамандар қазір сүйек пен бауырдағы метастаздарды жоюға мүмкіндік беретін радионуклидтермен препараттарды синтездейтін ядролық дәріхананы жасақтаумен айналысып жатыр.

Айта кететін жайт, дәрігерлер сүт безі обырына тексеріліп отыруға кеңес береді. Әсіресе, кеуде қатайып, ауырсынса, бірден маман кеңесіне жүгіну қажет.

Өзгелердің жаңалығы