Бас жаңалықтар
Супермарафоншы Марат Жыланбаев Ақтөбеге келеді
29 Мамыр 2019, 21:52 460

Супермарафоншы Марат Жыланбаев Ақтөбеге келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 маусымда Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта Марат Жыланбаева шеберлік сабағын береді. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.

Қалалық спорт бөлімі хабарлағандай, супермарафоншы Марат Жыланбаев 8 маусымда Ақтөбеде өтетін «V Aqtobe CNPC Half Marathon» шарасына қатысады. Ол Жарыстың басталуына бір күн қалғанда, 7 маусым күні кешкі сағат 20:00-де орталық саябақта ақтөбеліктерге шеберлік сабағын ұйымдастырады.

«Жүгіруді ұнататын барлық тұрғындарды аңыз адаммен кездесуге шақырамыз!», - делінген спорт бөлімінің хабарламасында.

Марат Жыланбаев – бір жыл бойы 226 классикалық марафон жүгірген супермарафоншы. Ол 20 күн бойы Қарақұм шөлінде 1200 шақырымды бағындырған. Әлемдегі ең үлкен шөл – Сахараны жүгіріп (1700 км) кесіп өткен. Аустралияның ең ірі шөлі – Үлкен Викторияның үстімен жүгірді (1600 км). Ал Невада шөлі арқылы ол 1218 шақырымды жүгірді.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық