Сұлтанов: Ұлттық стандарттар ақысыз болады

27 Қаңтар 2021, 21:16
1175
Бөлісу:
Сұлтанов: Ұлттық стандарттар ақысыз болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нарықтағы кез-келген өнімнің немесе қызметтің сапасын арттыру туралы сөз болғанда, ойымызга, ең алдымен, стандарттар келеді. ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов осылай деді.

Өндірушілер мен кәсіпкерлер жоғары стандарттарды қолдануды басшылыққа алған сайын, азаматтардың өмір деңгейі соғұрлым жоғары болады. Өйткені, өнімнің жоғары сапасы - бұл, ең алдымен, тұтынушылардың, яғни сіз бен біздің қауіпсіздігіміздің кепілі. Әрине, біздің тауар өндірушілердің сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігінің өсуі (сауда министрі ретінде бұл туралы ойланбай тұра алмаймын). Сондықтан Сауда министрлігі құрылған сәттен бастап біз техникалық реттеу жүйесін жетілдіруге бет бұрдық. Біздің жұмысымызды адал бизнес қолдап келеді. Сонымен қатар, біз бизнес-қоғамдастықтың ұсынысы бойынша көптеген басқару және нормативтік өзгерістерді  жүргізудеміз - деді министр өз парақшасындағы жазбасында.

Қазақстанның ішкі нарығындағы өнім сапасын жақсартуға бағытталған біздің жаңа қадамымыз «мемлекет пен бизнестің өзара әрекеттесуі» санатынан.

1 ақпаннан бастап ұлттық стандарттарға ақысыз қол жеткізіге мүмкіндік туды. Маңыздысы: тек қазақстандық азаматтар мен заңды тұлғалар үшін қол жетімділік тегін болады. Қажетті мәтінді жүктеу үшін барлығы электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланып КазСтандарт порталына тіркелуі керек. Қол жетімділік неге тек қазақстандықтар және біздің ұлттық стандарттарымыз үшін ғана?-деген сұраққа мен бірден жауап бергім келеді. Ұлттық стандарттар мемлекеттің зияткерлік меншігі болып табылады. Қазақстан өз аумағында стандарттарды қолдануды барынша кеңейтуге мүдделі болғандықтан, біз осы "зияткерлік меншік" үшін ақша жинау практикасынан бас тартамыз. Біздің стандарттарымыз барынша жақын немесе дамыған елдердің үздік баламаларына ұқсас - дейді министр.

Оның сөзіне қарағанда, халықаралық, өңірлік (мемлекетаралық) және өзге де стандарттардың жағдайы күрделірек. 

Қазақстан ISO, IEC, МОЗМ, МГС және т.б. сияқты стандарттау жөніндегі бірқатар халықаралық және өңірлік ұйымдарға қосылу туралы халықаралық келісімдерді ратификациялады, сондай-ақ лицензиялық келісімдерге қол қойды, оларға сәйкес осы ұйымдар құжаттарының мәтіндерін тегін таратуға (авторлық құқықтар мен зияткерлік меншікті сақтау) тыйым салынады - дейді Бақыт Сұлтанов.

Өзгелердің жаңалығы