Бас жаңалықтар
Сұлтанов: Сапаны «еуропалықтардан кем емес» ету үшін ішкі стандартымыз тиісті деңгейде болуы керек
25 Ақпан 2021, 21:35 309

Сұлтанов: Сапаны «еуропалықтардан кем емес» ету үшін ішкі стандартымыз тиісті деңгейде болуы керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Біз халықтың өмір сүру сапасын жақсарту қажеттілігі туралы сөз қозғаған кезде, тек кірісті арттыру туралы емес, сонымен бірге осы кірістермен сатып алуға болатын барлық заттың сапасын жақсарту туралы да айтамыз. Мемлекеттің даму деңгейі неғұрлым жоғары болса, оның ішкі нарығындағы өнім сапасы соғұрлым жоғары болады. Сауда министрлігі құрылған сәттен бастап біз техникалық реттеу мен стандарттауды дамытуға жаңа және замануи тәсілдерге бет бұрдық. Бір жағынан бұл нарықты сапасыз импорттан қорғауға мүмкіндік береді, екінші жағынан, тауарлардың ішкі өндірісін «еуропалықтардан кем емес» сапада дамытуға ынталандырады. Сапаны «еуропалықтардан кем емес» ету үшін бізде ішкі стандарттар тиісті деңгейде болуы керек, - деп жазды ол.

Министрдің айтуынша, Дүниежүзілік сауда ұйымы мүшесі ретінде министрлік халықаралық стандарттарды барынша мүмкін дәрежеде пайдалануға міндеттеме алған.

Мысалы стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым (ISO), Электротехника жөніндегі халықаралық комиссия (IEC), Азық-түлік және ауыл шаруашлығы ұйымы / Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Кодекс Алиментариус» атты азық-түлік стандарттары бағдарламасы әзірлеген. Қазір біз ұлттық стандарттарымызды халықаралық стандарттармен үйлестіру үшін белсенді жұмыс істеп жатырмыз, - деді Сұлтанов.

Сұлтанов қазір Қазақстанда 10 мыңнан астам ұлттық стандарт әзірленгенін айтты. 

Оның ішінде 8 311 халықаралық стандарт, яғни 80%-дан астамы үйлестірілген. Мысалы машина жасауда бізде 542 ұлттық стандарт бар, оның 91%-ы халықаралық технологиялармен үйлестірілген. Құрылыс және құрылыс материалдары өндірісінде 787 ұлттық стандарт, оның 81%-ы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Әзірге бізде жеңіл өнеркәсіптегі халақаралық стандарттармен үйлестіру саны «көңіл көншітпейді» (халықаралық нормалармен үйлестіру жартысынан аз), ал аграрлық өнеркәсіп – 63%-дан аспайды, - деді ол.

Министр стандарттау процестерін жетілдіру процесінде маңызды мәселе бар екенін атап өтті.

Дамыған елдерде стандарттар бизнесті өздерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды құралы ретінде қарастырады. Сондықтан кәсіпкерлердің өзі стандарттарды әзірлеуге және жаңартуға мүдделі, стандарттардың сақталуы арқылы өнімдерін тұтынушылардың назарын аударуға мүмкіндік береді. Қазақстанда, өкінішке қрай, біз тек жаңа ұлттық стандарттарды әзірлеп қана қоймай, қолданыстағы стандарттарды қолдануға деген құлшынысты байқай алмаймыз. Машина жасауда кәсіпкерлер 542 стандарттың 122-сін, ал ауыл шаруашылығында 250 стандарттың 115-ін ғана қолданады. Ең көп стандарт металлургияда сұранысқа ие – 584-тің 553-і қолданыста, - деді Сұлтанов.

Ол 1 ақпаннан бастап ҚР СТ барлық базасы www.shop.ksm.kz  порталында еркін қол жеткізуге болатынын еске салды.

Соңғы уақытқа дейін ұлттық стандарттардың таралмауына олардың ақылы болуы кедергі келтіруі мүмкін еді. Бірақ 1 ақпаннан бастап ҚР СТ барлық базасы www.shop.ksm.kz  порталында еркін қол жеткізуге болады. Ашық қол жетімділіктің 25 күнінде тек 771 ұлттық стандарт жүктелді. Айтпақшы стандарттардың мазмұнын кәсіпкерлер ғана емес, қарапайым қазақстандықтар да көре алады. Өнімнің қайсысы МЕМСТ (Мемлекеттік стандарт) және Ұлттық стандартқа (ҚР СТ) сәйкес келетінін, ал қайсысы халықаралық стандарттарға жақын талаптарға сай өндірілмегенін қарап шығуға болады. Ақыр соңында кез келген тұтынушы қандай сапалы зат сатып алып жатқанын және оның қалай жасалатынын білуге құқылы, - деп қорытындылады министр.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...