Бас жаңалықтар
Сұлтанов: Коронавирус ел экспортына қатты әсер етті
20 Қаңтар 2021, 23:10 188

Сұлтанов: Коронавирус ел экспортына қатты әсер етті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронадағдарыс-2020 бүкіл сауда саласын, соның ішінде біздің экспортқа қатты әсерін тигізді. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов осылай деді.

Бірінші жартыжылдықта экспорт жалпы әлемдік экономикалық белсенділіктің төмендеуіне байланысты төмендеді: зауыттар мен фабрикалар жабылды, белсенді "жұмыс режимінде" тек медициналық бағыт, тамақ өнеркәсібі және коммуналдық қызметтер қалды. Бұған санитарлық тыйымдарға байланысты логистика проблемалары да қосылды (біз әлі де Қазақстан-Қытай шекарасында "ковидтік" қиындықтарды сезініп отырмыз). Екінші жартыжылдықта әлемдегі сауда белсенділігі біртіндеп қалпына келе бастады (вакциналарға рахмет). Егер қаңтар-маусымда өңделген тауарлар экспортындағы шығындарымыз 8,8%-ті құраса, желтоқсанға қарай біз өткен жылғы көрсеткіштерден алшақтықты айтарлықтай қысқарттық. 2020 жылғы қаңтар-қарашада қайта өңдеу экспорты $13,9 млрд құрады, бұл 2019 жылғы көрсеткіштерден небәрі 3,4%-ке аз. Қазақстанның өңделген тауарлар бойынша тауар айналымы 11 айда $46 млрд құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-қарашадан 2,5%-ке төмен ($47,2 млрд) - деп жазды министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар ол тауар топтары туралы айтты.

Онда мұнай өнімдері (40,3%-ке немесе $391,5 млн-ға) және ферроқорытпалар (12,5%-ке немесе $218,8 млн-ға) бойынша ең жоғары төмендеу байқалды. Сонымен қатар, ферроқорытпалардың экспорты заттай түрде өсті (5,4%-ке), бірақ ақшалай қатты төмендеді. Күмістің, мыстан жасалған катодтардың, тамақ өнеркәсібі мен жеңіл автомобильдер өнімдерінің экспортын арттыруға мүмкіндік туды. Біз автомобильдерді $117,7 млн-ға сатып, 2019 жылмен салыстырғанда қаржылық жағынан көрсеткішті 2,8 есе арттырдық. Болат илемдеуі де плюске кетті -  7208 СЭҚТН коды бойынша (ыстықтай тапталған легирленбеген болаттан жасалған жазық илек), ақшалай өсім 7,3%-ті құрады, ал 7210 коды бойынша (жалатылған болаттан жасалған жазық илек) – 20,5. Бұл ретте экспорттың нақты көлемі тиісінше 33,6 және 40%-ке өсті - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, тауар экспортын ұлғайтуға біздің өндірушілерді қолдау шаралары ықпал етті

Консалтингтен бастап- қаржылық ынталандыруға дейін... Экспорттық акселерация жақсы нәтиже берді (2021 жылы тек "акселерация түлектері" экспорттауға арналған келісімшарттардың жалпы сомасы 1/3 миллиард доллардан асады). Ақпан айының ортасында біз бір жылдағы тауар айналымының толық статистикасын көреміз. Егер қалпына келтіру динамикасына келетін болсақ, ковид-дағдарыс жылындағы шығындар азайтылады деп үміттенемін. Тұтастай алғанда, шикізаттық емес экспорт (тауарлар+қызметтер) бойынша біз $20 млрд-тан жоғары көрсеткішті күтеміз, биылғы жылғы міндетіміз - оны $29 млрд-қа дейін жеткізу. Бүгінгі жағдайда бұл қанша қиын болса да тырысуымыз қажет - деді Бақыт Сұлтанов.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...