Сұлтанов кәсіпкерлерге: Біз бірлескенде ғана әлемдік нарыққа шыға аламыз

12 Қараша 2019, 18:35
1691
Бөлісу:
Сұлтанов кәсіпкерлерге: Біз бірлескенде ғана әлемдік нарыққа шыға аламыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап ҚР Сауда және интеграция министрлігі тиісті зертханалық практика қағидаттарын (GLP) енгізу бойынша тауар өндірушілер мен экспорттаушылар үшін оқу семинарларының циклін бастады. Бұл туралы Бақыт Сұлтанов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Бұл нені білдіреді?

Яғни, шетелге тауар экспорттайтын кәсіпкер үшін ең бастысы - "ойын ережесін" білу. Ал басты "ережелердің" бірі - жалпыға танылған қауіпсіздік стандарттарына сәйкестік міндеттілігі. Алайда, біздің еліміздің зертханаларында орнатылған осы стандарттарға сәйкестік фактісі - басқа мемлекеттерде де танылуы маңызды. Біз ЭЫДҰ-ның тиісті зертханалық практикасының (GLP) қағидаттарын енгізуге және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының 36 мемлекетімен деректерді өзара тану туралы Келісімге қосылуға бағыт алдық - деп жазады министр.

Оның айтуына қарағанда сынақ орталықтарында GLP қолданылуы біздің тауарларымыздың сыртқы нарыққа қол жеткізудегі техникалық кедергілерді алып тастауға мүмкіндік береді.

Сондықтан, ойынның жалпы ережелері мен біріздендірілген стандарттардың қаншалықты маңызды екендігін әлемдік сарапшылар - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (Франция) директоратының GLP бағдарламасы бойынша жетекшісі Ричард Сигман және GLP зерттеулер орталығының басшысының орынбасары Аркадий Мурашев баяндады - деді ол.

Министр GLP-дан басқа, семинарлар бір ай ішінде төмендегі бағыттар бойынша өттінін атап өтті.

органикалық және халал өнімдерді сертификаттау;

жеткізу тізбегінің қауіпсіздігі;

Global G.A.P. тиісті ауылшаруашылық практикасы;

инспекция жөніндегі органдарға қойылатын талаптар;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджменті жүйесі;

жылжымайтын мүлікті басқару;

активтерді басқару. 

Барлық кәсіпкерді ең үздік әлемдік стандарттарға сәйкес болу және мемлекеттің оларға қалай септігін тигізе алатынын білу үшін семинарларға қатысуға шақырамын. Біз бірлескен жұмысымызбен әлемдік нарықты бәсекеге қабілетті, сапалы өніммен молайтуға қабілетті ұлттық экспорттаушыны құра аламыз - деді Бақыт Сұлтанов.

Өзгелердің жаңалығы