Сұлтан Сартайұлы отандық заң саласын дамытуға елеулі үлес қосты – Елбасы

13 Желтоқсан 2019, 20:17
8354
Бөлісу:
Сұлтан Сартайұлы отандық заң саласын дамытуға елеулі үлес қосты – Елбасы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев профессор Сұлтан Сартаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық танымал заңгердің өмірден өткені туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

Қазақстанның Тұңғыш президенті ғалымның отбасы мен туған-туыстарына және әріптестеріне көңіл айтты.

Сұлтан Сартайұлы отандық заң және құқықтану саласын дамытуға елеулі үлесін қосқан зерделі зерттеуші болатын. Ол мемлекет пен қоғам істеріне де белсене араласып, жауапты қызметтер атқарды. Үнемі азаматтық айқын ұстанымын танытып, қажырлы еңбегімен еліміздің өсіп-өркендеуіне атсалысып, көптің сый-құрметіне бөленді, - делінген жеделхатта.
Бұған дейін академик Сұлтан Сартаевтың қайтыс болғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткерінің отбасына көңіл айтты.
Өзгелердің жаңалығы