Сұлтан Бейбарыс салдырған медресе қақпасының суреті табылды
06 Қараша 2021, 11:34 236

Сұлтан Бейбарыс салдырған медресе қақпасының суреті табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мысырлық мәмлүктанушылар бұрын-соңды әлеуметтік желілерде жарияланбаған аз-Захария медресесі қақпасының суретін тауып берді. Осы үшін Имад Осман Махран бастаған мәмлүктанушыларға және Мысырдың Көне ескерткіштер мен туризм министрлігінің қызметкерлеріне шексіз алғысымды айтамын деп жазды facebook-парақшасында белгілі мемлекет қайраткері, елші Қайрат Лама Шариф. 

1262 жылы Айн Жалұт шайқасынан жеңіспен оралған Сұлтан Бейбарыс Каирде теңдесі жоқ жаңа үлгідегі медресе салып, оның бас қақпасын Каирдің қолөнер шеберлеріне жасатады. Қақпаның маңдайшасында «Моңғол-татар басқыншылары мен кресшілерге Мысыр жерін бастырмаған әл-Мәлик аз-Заһир Рүкн ад-Дин Бейбарыс» деп жазылған.
Машалла! Көне Каир шаһарының төрінде осындай әшекейлі Жеңіс қақпасын орнатқан Сұлтан Бейбарыстың сәулет өнеріндегі талғамы зор болғанын айғақтайды, - деді ол.


Фото: дереккөз
Загрузка...