Бас жаңалықтар
Сүлікпен емдеу орталығы ашылды
19 Қазан 2020, 21:50 198

Сүлікпен емдеу орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданының орталығы Шетпеде жаңа емдеу-оңалту орталығы ашылды.

Бұл туралы шетпелік дәрігер Ерболат Құсымбаев мәлім етті. Оның қолға алған жобасы жанұялық негізде ашылған. Өткен жылы "Жұмыспен қамтудың-2020" бағдарламасымен мемлекеттен үш миллион теңге грант алған. Орталық күнделікті емхана қызметін де қоса атқарады.

Емдеу орнының бір  ерекшелігі ауданда бұрын-соңды болмаған сүлікпен емдеу әдісі  қолданылады. Мұндағы сүлік Ресейден арнайы сулы шүберекке оралып, қалыпқа орналастырылып келеді. Күндегісін-күнде суы ауыстырылып, күтімі жасалады. Емін пайдаланған соң науқастың көзінше спиртке салып, жойылады. Сонымен қатар церебральды сал ауруына шалдыққан науқастарға ем жүргізіледі,-деді Ерболат Құсымбаев

Айта кетейік, орталық заманауи медициналық жабдықтармен қамтылған. Мәселен, церебральды сал ауруы бар науқастарға арналған арнайы киім науқастың денесін тік ұстауына, аяғын қозғалтып, басын көтеруге көп ықпал етеді.  Бұдан бөлек дәрігер науқастарды күнделікті қабылдып, тиісті ем-домдар жасалады. Егу бөлмесі де бар.

Ауданымызға жаңашылдық алып келдім деп ойлаймын. Жүре алмайтын, қозғалуы қиын науқастарды Ақтау немесе Нұр-Сұлтан сынды ірі қалаларға жіберетін еді. Оған екінің бірінің жағдайы келе бермейді.   Сондықтан аудан орталығынан ем жүргізуді қолға алдым. Жаңа туған балаларда кездесетін "сарыны" емдеу үшін жаңартылған аппарат,  жедел тыныс жолдары ауруына қолдануға тубкварц секілді жаңа қондырғылар келді. Баланың көзіне зиянсыз. Көзілдірік тағу арқылы ем жүргіземіз. Алдағы уақытта тұзбен емдеуді де қолға аламын деп жоспарлап отырмын,-дейді орталық иесі Ерболат Құсымбаев.


Фото: дереккөз
Загрузка...